Қарағанды қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXVIII сессиясының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 302 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджетінің жобасы тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 23 084 916 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 12 274 918 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 89 208 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 086 232 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 8 634 558 мың теңге;
2) шығындар - 23 469 222 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 50 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 50 000 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы - 434 306 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 434 306 мың теңге, оның ішінде:
қарыздардың түсуі - 849 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 440 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 25 306 мың теңге.
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы ХХІ сессиясының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 262 шешімімен Қарағанды қаласының бюджетіне аударымдардың нормативтері келесі мөлшерде бекітілген:
жеке табыс салығы бойынша - 50 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша - 50 пайыз.
3. 2010 жылға арналған қала бюджеті түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен 578 964 мың теңге сомасында субвенция көзделгені ескерілсін.